Спортшы "Спорт министрі" You Tube арнасына берген сұхбатында алдағы Парижде өтетін байрақты бәсеке, олимпиадаға қалай дайындалып жатқанын баяндаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Өзімде қатты қобалжу болып жатқан жоқ. Бұл олимпиада - дүниежүзі көз тіккен жарыс. Қаншама елдер өз боксшыларына үміт артып отыр. Басты қарсыластарымның бірі - Хасанбой Дусматов. Өзбек ағайындарымыз да екі дүркін олипиада чемпионын шығарамыз деп жатыр ғой. Оларда екі дүркін олимпиада чемпионы шығуға Хасанбой мен Бахадүр бар. Енді біз бапкеріміз екеуміз қарсыласымызды зерттеп жатырмыз. Оған арнайы тактикамыз, жоспарымыз бар. Алла қаласа, өзбек ағайындардын бұрын өзімізде екі дүркін олимпиада чемпионы шықсын. Оларға 51 кг салмақта басты қарсылас мен болсам, ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев ағамыз. Дегенмен, барлығына сәттілік тілейміз. Біз рингте ғана қарсыласпыз. Елдің алтын күтіп отқанын сезіп жатырмын. Отбасым да, бапкерім де алтын күтеді. Бірінші олимпиада қола болғаннан кейін, екінші олимпиада Парижде елге алтын алып келгім келеді", - дейді ол.