Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан екінші матчта да жеңілді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Екінші кездесуде қазақстандықтар Нидерланд құрамасына қарсы мұз айдынына шықты.

Бұл ойында қарсылас команда басым түсіп, матчты 3:0 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирдегі екінші ойында да ұтылды. Бұған дейін біздің хоккейшілер Латвияға буллит сериясында есе жіберген болатын.

Келесі матчта ұлттық құрама Испаниямен ойнайды. Ойын 15 сәуірге жоспарланған.