І Азия чемпионатында батысқазақстандық үш спортшы 13 жүлдеге ие болды


Барлығы 10 мемлекеттен 250-ге тарта спортшы қатысқан біріншілікте Қазақстан құрамасы сапында сынға түскен үш оралдық спортшы 13 медальді (3 алтын, 9 күміс, 1 қола) иеленді. Олар - Татьяна Жукова (57 келі), Аман Қапышев (74 келі) және Владимир Шкирман (83 келі), Аман бұл жолғы сайыста халықаралық дәрежедегі спорт шебері талабын орындады.