«И.А. Кәрімов 27 тамыз күні таңертеңгі 09.00 шамасында ес-түссіз күйінде Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлік-санитарлық бірлестігінің Орталық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Жүргізілген зерттеулер, соның ішінде миға жасалған КТ науқастың ми қан айналымы торлы қабық астына қан құйылу (инсульт) салдарынан бұзылғанын анықтады. Қан қысымы сынап бағанасы бойынша 250/120 болды. Жүрек соғысы тоқтап қалды. 20 минут ішінде жасалған реанимациялық шаралар жүрек соғысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Осыдан кейін науқаста атониялық естен тану болып, ми бағанының қызметіне қысым түсіру тіркелді. Сол себепті ол жасанды жолмен тыныс беру құрылғысына ауыстырылды», - делінген хабарламада.
Тамыздың 27-інен 28-іне қараған түні науқас шет елдердің білікті нейрохирург, кардиолог және реаниматологтарымен консультацияланды. Олар: академик Л.А.Бокерия - А.Н.Бакулев атындағы жүрек-қан тамыры хирургиясы ғылыми орталығының директоры (Ресей); академик А.А.Потапов - Н.Н.Бурденко атындағы нейрохирургия ғылыми орталығының директоры (Ресей); профессор Амир Сами (А.Samii) - Ганновер интернационалдық нейрохирургия институтының вице-президенті және атқарушы директоры (Германия), профессор Джилли Дрейфус (G.Dreyvus) - Кардиоторакалдық орталықтың директоры (Монако), профессор Хьюго Катус (H.Katus) - Хейдельбергтің университет жанындағы клиниканың кардиология бөлімінің басшысы (Германия), профессор Юка Хернисниеми (Y.Hernesniemi) - Хельсинки университетінің Орталық ауруханасының нейрохиругия бөлімінің профессоры (Финляндия).
2016 жылдың 2 қыркүйегі күні жасалған шараларға қарамастан 20:15-те жүрек қызметі тоқтады. Қарқынды реанимациялық шаралар нәтиже бермеді және 20:55-те науқастың биологиялық өлімі тіркелді».
Ислам Кәрімовтің жаназасы бүгін Самарқанда шығарылады.