И. Щеглова: Азиадада спорттық бағдарлаудың қызықты әрі тартымды спорт екенін көрсетеміз

спортшыларымыздың дайындығы мен олардың жеңіс тұғырына шығу мүмкіндіктері туралы кеңінен әңгімелеп берді

-Азиадаға аз ғана уақыт қалды. Командамыз 2010 жыдың мамыр айында жаттықтырушы бригада бекітіп берген жоспар бойынша дайындалып жатыр.

Құрама тізімі ҚР Чемпионатынан кейін нақты жарияланады. Азиада-2011 жарыстарында шаңғымен спорттық бағдарлау сайыстары төрт түр бойынша өтеді. Және де бағдарлама түрі қашықтықпен емес, жеңімпаздың нақты қай жерде тұрғандағы уақыты бойынша анықталады.

Қазір команда дайындық үстінде. Нәтижесін Азиада ойындарында көретін боламыз. Спортта болжам жасауға болмайды. Азиада бағдарламасына енгізілген спорттың басқа да түрлері секілді, спорттық бағдарлау сайыстарының алдына да үлкен міндеттер қойылған. Құрылықтық жарыстардың бағдарламасына шаңғыдағы спорттық бағдарлау түрі бірінші рет қосылып отырғандықтан, мойнымыздағы жауапкершіліктің де оңай емес екенін түсінеміз!

- Біздің басты қарсыластарымыз кім? Басқалардан басымдығымыз, ерекшелігіміз бар ма және де өзіміздің климатымыз спортшылардың биіктен көрінуіне ықпал етеді деп ойласыз ба?

- Белгісіз себептерге байланысты ойындарға қатыса алмайтын Азия құрлығында бұрыннан келе жатқан қарсыласымыз - Жапония құрамасымен кездесе алмайтын болдық, бұл әрине өкінішті. Жапониялық бағдарлаушылар дайындалды, Жапония Федерациясы да бар күшін салғанымен, олар жарыстарға қатыспайтын болды. Қазіргі таңа Моңғолия, Қырғызстан, Қытай және Оңтүстік Корея елдерінің құрамалары спорттың осы түрінен жарысқа қатысатындарын растады. Ал олардың қайсысы бас қарсыласымызға айналатынын жарыста көретін боламыз. Қарсыластардың барлығы мықты. Ал басымдығымыз жарыстардың туған жерімізде өтіп, өз отандастырымыздың жанкүйер болатынында. Ал қалғаны, мысалға, климаттық жағдайлар бағдарлау жарысында айтарлықтай маңызға ие емес. Барлық техникалық жағдай халықаралық ережелерге сай болады.

-Сіздің ойыңызша, елімізде ашылған жаңа шаңғы-биатлон стадионы еуропадағы белгілі спорттық нысандармен бәсекелесіп, болашақта Олимпада ойындарының қатысушыларын қабылдай алады ма? Бұл жердегі жолдар қандай деңгейде және Щучинскіде салынып жатқан стадионнан айырмашылығы неде деп ойлайсыз?

- Жаңа шаңғы-биатлон кешеніне бірнеше рет бардым. Көп жұмыс атқарылған. Осындай деңгейдегі нысанды мен әзірге ешқай жерден көрген жоқпын. Азиададан кейін де көптеген тұстарын пысықтау керек шығар, алайда, ең бастысы Қазақстан спортшылары жылдың кез келген мезгілінде дайындалуға ыңғайлы тамаша кешенге ие болады. Ал менің ойымша, қазіргі кездегі бір кемшілік - кешен маңында қонақүйдің жоқтығы. Алайда уақыт өте келе бұл мәселе де шешімін табады деп үміттенемін. Шаңғы жарыстары мен биатлонға арналған жолдардың сапасын тиісті мамандар бағалайды, ал біздің жолдарымызға тоқталар болсақ, олар шаңғымен бағдарлау сайыстарының талаптарына сай жоғары деңгейде салынған.

-Спорттық бағдарлау Қазақстанда қашаннан қолға алына бастады, бүгінгі таңда қалай дамуда? Мысалға, бұл спорт түрі Финляндияда ұлттық спорт түрі деген атауға ие болған екен. Осы орайда, спорттық бағдарлау өте қызықты әрі интеллектуалды ойын болғанымен, оны дамыта алатын табиғи жағдайымыздың бар болғанына қарамастан, бұл спорт түрі елімізде неліктен кенже қалып келеді?

-Көптеген мамандар спорттық бағдарлаудың тарихы Норвегиядан басталып, ресми пайда болған күні 1897 жылдың 13 мамыры деп есептейді. Алайда спорттық бағдарлаудың нақты ресми тарихы 1904 жылдың 13 наурызынан бастау алады, сол жылы Финляндияда әрбір ойыншы өзіне жол таңдаған, «Порво-Хельсинки» бағдары бойынша 50 шақырымдық ұзындықта төрт сатылы жарыс өткізілген еді.


Ал біздің еліміздегі бұл спорт түрінің қалыптасу тарихы оңай болмады. Басқа спорт түрлері секілді, ол халықаралық аренада көрініс табуының арқасында даму серпінін алды. 1961 жылы Копенгагендегі конгресте Халықаралық спорттық бағдарлау федерациясының негізі бекітілді (IOF). Қазіргі таңда халықаралық спорттық бағдарлау федерациясына әлемнің 71 елі, соның ішінде Азияның 13 елі мүше болып табылады.

Қазақстанда спорттық бағдарлау 1961-1962 жылдары жандана бастады, ең алғашқы жарыстар Өскемен және Алматы қалаларында өткен болатын. 1963 жылы болған КСРО Чемпионатында Қазақстан өзінің екі командасын, яғни ШҚО және республика құрама командасын жарысқа қосты. Ал спорттық бағдарлау дамуының жаңа сатысы КСРО құлағаннан кейін басталды. Нарықтық экономикаға өту кезінде жарыстарды, спорт секцияларының жұмысы мен клубтарды қаржыландыруға қатысты көптеген түйіткілдер пайда болды. Бұл 90-жылдары спорттық бағдарлау түрінің құлдырауына әкеліп соқты. Дәл сол кезеңде ҚР Спорттық бағдарлау федерациясы құрылған еді. 1995 жылы біздің федерация халықаралық спорттық бағдарлау федерациясының тең құқықты мүшесіне айналды. 2006 жылы «Спорттық бағдарлау федерациясы» қоғамдық бірлестігі болып өзгертіліп, қайта тіркеуден өтті.

Қазіргі таңда Қазақстан бойынша спорттық бағдарлау түрі Алматы мен Астана қалаларында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жаңадан танымал болып келеді. Бірақ өкінішке қарай, әлемнің жетекші елдері баяғыда-ақ бағасын түсінген, дене шынықтыру мен сауықтыруға, сонымен қатар адамның интеллектуалды дамуына мүмкіндік беретін қол жетімді осы спорт түріне деген көзқарас барлық жерде бірдей емес.

Сондықтан осы жарыс түрінің Қазақстанда танымал болуы үшін жақын көршілерімізбен тығыз ынтымақтастық орнатуымыз қажет. Мысалға, Ресейді алсақ. Ресейлік спортшылармен ынтымақтастық орнату арқылы көп нәрсе үйреніп, сапалы кеңес ала аламыз, осылайша Қазақстанда спорттық бағдарлаудың барлық бағыттарын одан әрі дамыту мүмкіндігі пайда болады.

Біз Азиадада бұл спорт түрінің қаншалықты қызықты әрі қарқынды екенін көрсетуге тырысамыз...