И. Закурдаев пен Д. Кошкин супергигант слаломында алтын және және күміс жүлдегерлер атанды


Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғысы базасында өткен жарыстардың жеңімпазы И.Закурдаев қашықтықты 1 минут 4,61 секундта жүріп өтті. Ал Дмитрий Кошкин командаласынан 0,66 секундқа қалып қойды. 7-Қысқы Азия ойындарының аталмыш спорт түрі бойынша жеңімпаздар үштігін Ким Ву Сун (Kim Woosung) тұйықтады. Оның нәтижесі 1 минут 6,58 секунд.