Хиджаб кигендерге халықтың пікірі екі тарапқа бөлінді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
Бірнеше уақыттан бері "Қазақстанда хиджаб киген блогер қыздарға ақша төленеді", деген тақырып әлеуметтік желіде талқыға түсуде.
Желіде хиджабтағы қыз сұраққа жауап берді.
"Иә, төленеді. Бізде договор болады, контктіге отырамыз. Бізде белгілі бір келісім шарт болады. Хиджабты қазір кидің ба, өміріңнің соңына дейін шешпеу керек.
Ал, ақшасын қалай бересіздер, қашан бересіздер дегенде, ақшасын сауап ретінде ақырет күні аласыздар деді. Өте керемет ұсыныс болды. Біреу сізге миллиард теңге берем десе, қалай боласыздар. Сол сияқты, ақшасын ақырет күні миллиардтаған сауап етіп берсе өте керемет емес пе? Бірақ, мұны Динара Сәтжан қалай біліп алған. Оны арамыздағы бір қыз сатып кетіп тұр ғой...", дейді видео үндеу жолдаған қыз бала.
"Арабқа еліктеп қазағымыз құрып бара жатыр", "Арабтар қаржыландырып тұрған болар. Ақша не істетпейді", "Хиджаб Алланың парызы", "Иә, сән үшін емес. Шын ниетпен таққандарға сауап болады", "Көрейік, қашанға дейін киетіндерін", деп жазды оқырмандар.
Loading...