Ибрагим Берсанов - ауыр атлетикадан Әлем чемпионы

105 келі салмақта сынға түскен Ибрагим Берсанов алтынға қол жеткізді. «Аламан» спорт агенттігінің мәліметінше, ол жұлқа көтеруде 180 келіні (1 орын), серпе көтеруде 211 келіні (4 орын) бағындырды.

Бұл сынға біздің елден төрт ауыр атлет барып, барлығы жүлдеге ілікті. Жазира Жаппарқұл мен Берсанов алтын, Карина Коричева және Жасұлан Қыдырбаев қоламен елге оралмақ. Жалпы есепте үздік үштіктеміз.