Ференц Пушкаш сыйлығын Швеция және "ПСЖ" командасының футболшысы Златан Ибрагимович иеленді. Оның ағылшын құрамасының қақпасына соққан голы жанкүйерлердің әлі күнге дейін есінде.
Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылғы Ференц Пушкаш сыйлығына Златанмен қатар, Неманья Матич ("Бенфика") пен Неймардың ("Барселона") голдары сарапқа салынған еді.