ICAO мамыр айының соңында Қазақстанның авианарығын тексеруге кіріседі

Ұйым өкілдері 2009 жылы жүргізілген аудит нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою деңгейін тексереді.

Көлік және коммуникация министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандық тасымалдаушылардың «қара тізімнен» шығу-шықпауы осы тексеруден кейін белгілі болмақ.

2009 жылдың маусымында жүргізілген тексеруден кейін Қазақстандағы 59 әуе компаниясының бәрі Еуроодақтың «қара тізіміне» ілінген болатын. Тізімге Эйр Астана компаниясы енген жоқ.