Нидерланды, Малайзия, АҚШ өкілдерін малайзиялық әуе ұшағына қатысты бақытсыз жағдайды тексеру жөніндегі комиссия құрамына шақырды.
Бұл туралы Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің өкілі Андрей Лысенко мәлімдеді.
«Украина президентінің тапсырмасымен үкімет осы апатты тексеру үшін арнайы комиссия құрды. Тексерудің барынша әділ болуын қамтамасыз ету мақсатында Украина президентінің бастамасымен комиссия құрамына Халықаралық азаматтық авиация ұйымының сарапшылары, сондай-ақ Нидерланды, Малайзия және АҚШ өкілдері шақырылды», - деп ол бүгін Киевте өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.