Ice Bucket Challenge шарасы аясында кіші Джордж Буштың үстінен мұздай су құйылды

Бұл шара шеңберінде зайыбы Лора оның басынан аяғына дейін мұздай су құйды. Бұл туралы кеше АП агенттігі мәлімдеді.

«Мені бұл жарысқа шақырған баршаңызға былай дегім келеді: бұрынғы президент ретінде мен өзімен мұздай су құямын деп ойламаймын, бірақ мен тек чек жазып беремін», - деп Дж.Буш Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған бейнебаянда мәлімдеді. Алайда бұрынғы президент чек жазып болғанша, зайыбы үстінен бір шелек су құйып жіберді.

Бұдан кейін Дж.Буш АҚШ экс-президенті Билл Клинтонды шараға қатысуға шақырды.


Ice Bucket Challenge қайырымдылық шарасы амиотрофикалық склерозбен сырқаттанатындарға қаржы жинау үшін жүргізілуде. Оған қатысушы өзіне мұздай су құйып, тиісті қорға 100 $ аударуы керек немесе су құймай-ақ ақша аударуына болады.