И.Дычко келесі жекпе-жегін канадалық Саймон Кейнмен өткізеді

Ол - қанадалық Саймон Кейн. Жекпе-жек 7 тамыз күні Астана уақыты бойынша 04:00-де өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 1/8 финалда И.Дычко қарсыласы германиялық Эрик Пфайферді бірінші раунда-ақ нокдаунға жіберген болатын. Дегенмен немістің тәжірибелі боксшысы есін жиып, жарысты соңына дейін жалғастыра алды. Ал 21 жастағы Қазақстан ұлттық құрамасының күрзі жұдырық жігіті 14:4 есебімен жеңіске жетіп, келесі айналымға шыққан еді.