Иерусалимде тағы да атыс

Қақтығыс әл-Ақса мешітінің дәл табалдырығында болды. Суккот діни мерекесі қарсаңызда қауіпсіздікті күшейткен еврей тәртіп сақшылары келушілер санын шектеген. Бірақ, ел арасында билік қасиетті мекенге жолды мүлде жаптырып тастады деген дақпырт тарап, салдарынан палестиндік жастар өре түрегелген. Қарсы топ қарулы полицейлерге жанғыш бөтелкелерді лақтырса, олар өз кезегінде оқ атып, мешіттің кірпіштерін қиратып жіберген. Биліктің бассыздығына қарсылық білдірген арабтар мешіттің ішінде бекініп алған. Ал жергілікті тұрғындар болса, жаппай көшелерге шығып, қантөгісті тоқтатуды талап етіп отыр.

Loading...