ІІД басшылары жүк көлігі қағып кеткен полиция капитаны Жандос Нұрғазиев жайлы айтты

Алматы ІІД Алматы-Қапшағай тас жолында көлік қағып кетіп, көз жұмған полиция капитаны Жандос Нұрғазиев жайлы айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Жандос Нұрғазиев 1986 жылы Алматы облысы Көктал ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Абай атындағы мемлекеттік университтеті, 2010 жылы Қонаев атындағы оқу орнын тәмамдады. Полицияда алғашқы күндерден бастап қоғамдық өмірге белсене қатысқан, бірнеше аспапты еркін меңгерген.

Есек салсақ, қызмет бабындағы Жандос Нұрғазиевті Алматы – Қапшағай тас жолының 3 шақырымында орналасқан экобекетінде жүк көлігі қағып кеткен. Мәліметтерге қарғанда көлік иесі тізгінге ие бола алмай қалған.