"Бойымды мақтаныш пен жауапкершiлiк кернеп барады, себебi жұмысымды керемет орындап шықтым. Барлығы ойдағыдай. Адамдар бiр қуаныштың айналасында жұмылды. Бұл мен үшiн маңызды. Бiр белестi асырдық. Ендi Риоға дайындалу қажет. Бұл тек өтуге тиiс келесi асулардың бiрi. Менiң алдымда ғана емес, барша ел алдында тұрған мақсат", - дедi чемпион.
Айта кетейiк, Илья Ильин Алматыда өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын олжалады. Бұдан бұрын ол 2005, 2006 және 2011 жылдары әлем чемпионы атанған болатын. Сонымен қатар Илья Ильин екi дүркiн Олимпиада чемпионы (2008, 2012).
Оның айтуынша, Қазақстанға олимпиада алтынын жеңiп алатын ұлдың туғанын қалайды.
"Менiң кiшкентай қызым өсiп келедi. Ол мен айналысатын iстi жақсы көредi, бiрақ анасы секiлдi гандболға барып жүр. Егер ұлым болса, спортқа беретiнiм анық. Спорт - адамзаттың ажырамас бөлiгi. Бiз балаларымызды спортқа бейiмдеуiмiз керек, оған өзiмiз де талпынғанымыз жөн. Мен болашақта балам олимпиада чемпионы болғанын армандаймын", - дедi И.Иьин.
Сонымен қатар чемпионның атап көрсеткенiндей, ол өз балаларын тек өзi таңдаған спортқа бермек. "Сөз жоқ, спортқа беретiнiм - 100 пайыз. Бiрақ ол ауыр атлетика болады деп айта алмаймын, өздерi таңдау жасайды", - дедi ол.