ІІМ атыс қаруларын электрондық есепке алуды енгізуді жоспарлауда

"Біз келешекте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде ұлттық оқ-дәрі мен гильзалар жөніндегі мәліметтер қорын енгізуді жоспарлап отырмыз. Яғни келешекте мемлекеттік мекемелер мен жеке меншік күзет жүйелерінің иелігіндегі барлық ойындылы және атыс қарулары электрондық есепке алынады",- деді С. Исабаев.

Сондай-ақ оның хабарлауынша, қазіргі уақытта "Кондор" атты жаңа балластикалық идентификациялық кешен сатып алынған, оның құрамында ойындылы қару-жарақ қолданумен жасалған 1650 қылмыс дерегі бойынша 5 мыңнан астам нысандар бар".

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы, үстіміздегі жылдың 8 айында "қару-жарақ қолданып жасалған жалпы қылмыстар санының 50 пайызы" осы кешеннің көмегімен ашылғандығын атап өтті. Ол, бұл жүйенінің базасында республиканың ұлттық оқ-дәрі және гильзалар жөніндегі мәліметтер қорын құру жоспарланып жатқандығын да айтып өтті.

Оның мүмкіндігі оқ пен гильзада қалған іздер бойынша қару түрін анықтауға және қылмысты тиімді ашуға мүмкіндік береді",- деп атап көрсетті ол. С. Исаев сонымен бірге ІІМ-де "ауыр қылмыстарды ашу және тергеу мақсатында" криминалистикалық оқ-дәрі және гильзалар жөніндегі мәліметтер қоры жұмыс істеп жатқандығын еске сала кетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті