Бұл интернеттегі алаяқтыққа әкелуде, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Соңғы жылдары бұл жиі жасалатын қылмысқа айналды.
Мысалы, Қостанай тұрғыны DarkNet пен Telegram арқылы интернет-алаяқтық жасаған. Қаскөй 1,5 млн теңгеден астам табыс тапқаны анықталды.
Ер адам "кардингпен", яғни банк карталарының деректемелерін ұрлап және оларды қайта сатумен, сондай-ақ ақшаға компьютерлік вирустарды таратуды үйретумен айналысқан.
Қазір фигурант ұсталып, сотталды.