ІІМ экологиялық заң бұзушылықтармен күрес бөлімшелерінің қызметі мәселелері қаралды

"Табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланумен, браконьерлікпен және биологиялық ресурстардың нысандары мен өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес ішкі істер органдарының өзекті мәселелерінің бірі болып қалып отыр және ол үнемі үкімет бақылауында", - деді Қ. Қасымов.

Жиналыста "Ертіс орманы" мемлекеттік орман резерваты орналасқан Павлодар облысындағы жағдай айрықша дабыл қақтырып отырғаны атап көрсетілді. Аталмыш резерватта орналасқан орман шаруашылықтарында ағаш ұрлауды жасыру мақсатында көбінесе орман қасақана өртеледі. Жыл басынан бері Қазақстанда 520 орман өрті тіркелді. Ол өрттер 80 млн теңгенің шығынын келтірді.