Жұма күнгі «дөңгелек үстелде» сенат депутаты Бектас Бекназаровтың қойған сауалына Ішкі істер вице-министрі Берік Бисенқұлов: «Біздің халқымыздың қиялы шексіз. «Уға қарсы у» ойлап таппасына кепілдік бере алмаймыз. Не де болса іс жүзінде көреміз», - деп жауап берді.
Өз кезегінде ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев «сотталған азамат бұл білезікті қызғыштай қорғайды деп ойлаймын, әйтпесе, ол түрмеге қайтып оралады» деп сенеді.