ІІМ ішкі істер органдарында әкімшілік реформаны жүргізу мәселелері бойынша жиналыс болды

"ІІМ реформалау процессі мекеменің орталық аппаратының құрылымын оңтайландыру мен бөлімше қызметтерінің қосарлануын болдырмаудан басталды. Полицияның қоғамға ашықтылығы, есептілігі және бақылауда ұсталатындығы қағидаларын енгізудің арқасында (полиция қызметін бақылайтын Қоғамдық кеңестерді құру, БАҚ басылымдарын қабылдау, брифингтер, халықпен есептік кездесулер) полиция жұмысы бұрынғыдан да ашық бола түсті", - деп хабарлады баспасөз орталығы.