ІІМ: Қазақстанда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде лазерлік технологиялар қолданыла бастады

Бұл туралы Caravan.kz медиа поралы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Астана – Қарағанды – Алматы республикалық маңызы бар автожолында төмен қарқынды лазерлік жарықтандыру жүйесін орнату бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр.

Аталған жүйе Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр және Қарағанды – Балқаш бағыты бойынша 7 аркаға 11 лазерлік құрылғы орнатылды.

Жобаның негізгі мақсаты — боран, тұман және көріну нашарлаған жағдайда жүргізушілердің жолды бағдарлауын жақсарту, рөлде қалғып кету қаупін төмендету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

ІІМ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және шаршаған күйде көлік басқармауға шақырады.

Жолдағы қауіпсіздік — әрбір қатысушының ортақ жауапкершілі

Автор: Caravan.kz