ІІМ өңірлерде қылмыстық топтардың заңсыз әрекетінің жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастырып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап
15 қазанда Шахтинск қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жастар тобын ұстады.
"Оның құрамына аралас жекпе-жек жаттықтырушысы кірген. Олар жергілікті тұрғындарды, сондай-ақ Qarmet АҚ қызметкерлерін бопсалаған", - делінген хабарламада.
Жарнама
Расширенная гарантия • Дистанционное управление • Доставка и замер - 0тг • Срок службы 17 лет
Бұған дейін Теміртау, Саран, Абай қалаларында ауыр қылмыстарға, сонымен қатар Qarmet АҚ объектілерінен тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлауға және кәсіпорын қызметкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа да қылмыстық топтардың қатысушылары ұсталған болатын.
"Осы деректер бойынша ішкі істер органдарына барлығы 100-ден астам күдікті жеткізілді, олардың 39-ы қамауға алынды. 150-ге жуық тінту шаралары жүргізілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрілер, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ауыр қылмыстардың 16 эпизоды бойынша үш қылмыстық іс сотқа жіберілді. Криминалдық топтардың жолын кесу нәтижесінде өңірде 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оқ-дәрілер тәркіленді. Өңірлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасып жатыр", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі Қуандық Алпыс.