"Министрліктің орталық аппаратының штаты екі есеге қысқартылды. Министрлік стратегиялық міндеттерді шешумен айналысуда, ал қазір қалған жедел мәселелер мен функциялар комитеттерге берілді",- деді Б. Мұхамеджанов.
Оның хабарлауынша әкімшілік реформасы аясында "министрлікте бұрын қызмет істеп келген екі комитеттен басқа (ішкі әскер және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі - Kazakhstan Today ескер.) тағы 4 комитет құрылды: криминалдық полиция, әкімшілік полиция, жол полициясы және тергеу комитеті". Сонымен қатар, министрдің айтуынша, ішкі істер департаменттері мен басқармаларындағы бір функцияның қайталануы жойылды.
Сонымен қатар, Б. Мұхамеджанов "ішкі істер министрі тағайындаған лауазымдардың қысқартылғандығын", хабарлады. "Бұрындары министрліктің басшысы 1200 астам лауазым тағайындаған болатын. Қазір біз бұларды қысқарттық, және де қазір министрлік басшысы 500-ге жуық лауазым тағайындауда",- деп түсіндірді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті