ІІМ полиция жұмысын жүргізудің халықаралық стандарттарына көшеді (толық нұсқасы)

"ҚР ІІМ өз іс-қызметін реформалау аясында полиция жұмысын жүргізудің халықаралық стандарттарына көшуді жоспарлауда. Полиция жұмысының озық технологиялары бірінші кезекте Астана қалалық ІІД-де енгізіледі, қазір осы ІІД-нің жаңа ғимараты салынуда",- деді Б.Қожахметов.

"Жобаны іске асыру қазіргі заманғы полицей техникасын қолдануға бағытталады. Арыздарды қабылдаудан бастап, әкімшілік материалдарды, қылмыстық істерді өндіруді жүргізгенге дейін барлық полицейлік процедуралар жетілдіріледі. Полиция қызметкерлеріне де, арызданушы азаматтарға да қолайлы жағдайлар жасалады. Бұл тәжірибе елімізде кеңінен таралады",- деді ол.

Б.Қожахметовтың айтуынша, қоғамдық орындарда бақылауды техника құралдары арқылы жүзеге асыру әдісі қарастырылуда. "Мысалы, 7 млн. халық тұратын Лондонда полиция қызметкерлері сирек кездеседі, өйткені олар бақылауды 500 мыңдай бейнекамералар арқылы жүзеге асырады",- деді ол.

"ІІМ барлық орындарда бейнебақылау жүйесін кеңейтеді. Осы мақсатта өңірлерде (Алматы облысынан басқа) 15 Жедел басқару орталығы құрылған. Онда 600 бейнекамералар орнатылған. Бейнекамералар орнатылған жерлерде қылмыс деңгейі төмендеп, ашылған қылмыс көрсеткіші артуда".

ІІМ мәліметінше, "камералардың көмегімен ай сайын 18 мың әкімшілік құқық бұзушылықтар мен 150-дей қылмыстар анықталады".

Сондай-ақ, Б.Қожахметовтың айтуынша, "полиция қызметін бағалаудың жаңа жүйесі әзірленіп, оны енгізу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына оның негізгі өлшеміне азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау болып табылады".