ІІМ тәркіленген есірткілерді сақтау мәселелерін реттейтін ереже жасап шығарды

Б. Қожахметов атап көрсеткендей, қазіргі уақытта республиканың құқық қорғау органдарының сақтау камераларында 15 тоннадан астам әртүрлі есірткі сақталуда. "Бұл есірткінің көлемін азайту оларды сақтауға және күзетуге байланысты шығындарды, сондай-ақ, екінші мәрте айналымға қайта шығу тәуекелін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті орталық жетекшісі.

Осыған байланысты ҚР есірткі саудасымен күрес комитеті тиісті ережелерді жасап шығарған. Қазір ол үкіметке жолданған. "Олар жақын арада үкімет қаулысымен бекітіледі деген ойдамыз", - деп хабарлады Б. Қожахметов. "Аталмыш нормаларды енгізу есірткіні тәркілене салысымен тек сот үшін азғантай ғана мөлшерін қалдырып, басқасын жоюға мүмкіндік берер еді", - деді ол.