Тас жолдардағы апаттардың жиілеуіне байланысты және адамдардың опат болу қаупін азайту мақсатында премьер-министр Кәрім Мәсімов Ішкі істер министрлігіне ТЖМ және ДСМ бірлесе отырып төтенше жағдайлар жөніндегі ақпаратты дер кезінде хабарлау үшін бірыңғай радиожеліні құруды тапсырды.
Сонымен қатар, ол Көлік және коммуникация министрлігіне ІІМ бірлесе отырып 1 айдың ішінде жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген автобустардың жағдайына тексеру жүргізуге тапсырма берді.