"Қазіргі уақытта ІІМ барлық құқық қорғау органдары қолдаған ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша заң жобасын дайындауда",- деді Б.Қожахметов.
Сонымен қатар, ІІМ сақтандыру жүйесін кеңейтуді ұсынады, оның ішінде шетелдегідей азаматтардың мүліктерін қылмыстардан сақтандыру институтын кеңейту.
"Ұйымдасқан қылмыспен қарсы күрес бойынша бірқатар Еуропа елдері мен АҚШ тәжірибесі зерделенуде, олар тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады",- деді ол.