Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Полицейлер осындай 900-ден астам қылмысты ашты. Ұрланған телефондар иелеріне қайтарылды. 700-ден астам адам жауапқа тартылды. Сондай-ақ ұялы телефон ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топтың жолы кесілді. Ұрланған техниканы өткізетін орындарға ерекше назар аударылып отыр. Мысалы, Алматыда бұрын сотталған ер адам ұсталды. Одан 30-дан астам ұрланған телефон тәркіленді.
- ІІМ еске салады: ұрланған мүлікті сатып алу және қайта сату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Полицейлер азаматтарды қоғамдық орындар мен көлікте жеке заттарына мұқият болып, сақ жүруге шақырады. Заң мен тәртіп әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады, - делінген хабарламада.
Осыған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі sim-карта мен аккаунтты беру қылмысқа жәрдемдесу ретінде қаралатыны туралы жазды.