"Қазір бұл құжат мемлекеттік мекемелерде толық келісіліп, үкіметтің қарауында жатыр. Таяу күндерде ол мәжіліске енгізіледі деп ойлаймын",- деді бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
Оның айтуынша, "Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулер енгізу туралы" заң жобасында автокөлікті мас күйінде айдағаны үшін жазаны күшейту қарастырылған. Атап айтсақ, мас немесе нашаға елтіген күйінде көлік айдап жүріп алғаш рет ұсталған жүргізуші 2 жылға, ал қайтадан ұсталса - 5 жылға, үш мәрте ұсталған адам өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айрылады.
Ө.Түсімовтың хабарлауынша, тек 2006-жылдың ІҮ тоқсанында елімізде 6 мыңдай мас жүргізуші ұсталған.
Сонымен бірге Ө.Түсімовтың айтуынша, заң жобасы нормаларымен фото және бейнетүсіру құралдарымен түсірілген жол қозғалысы ережелерін бұзу оқиғалары үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. "Әзірге қолданыстағы заң бізге бейнежазбаның негізінде жұрттың бәрін жазалауға мүмкіндік бере бермейді",- деді полицей. "Былтыр тек Астанада ғана бейнекамералардың көмегімен 39 мың заң бұзушылық оқиғалары анықталған. Біз соның нәтижесінде 632 әкімшілік істі сотқа жолдап, таспаға түсірілген заң бұзушылық деректерін мойындаған 2166 жүргізушіге айыппұл салдық",- деді ол.
Ө.Түсімовтың мәліметіне сәйкес, 2006-жылы Қазақстанда 16 038 жол апаты тіркелген. Комитет төрағасының айтуынша, солардың 87 проценті "жүргізушінің тәртіпсіздігінен", ал 25 проценті қозғалыс жылдамдығын әсіре үдетуден болған.
Жол полициясы комитетінің төрағасы бұған қоса 2007-жылдан бастап жүргізушілерді дайындау және қайта дайындау қызметі лицензия берілетін іс-қызметтердің тізіміне енгізілетінін еске салды. "Тиісті заң жобасы республика парламентінде қаралды, қазір ол мемлекет басшысының қол қоюына жолданған",- деді Ө.Түсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті