ІІМ жүйесінде жоғары және орта буындағы 435 қызметкер аттестациялаудан өтті - ҚР ІІМ

Ішкі істер министрінің айтуынша, аттестациялау қорытындысы бойынша ішкі істер органдары бөлімшелерінің 79 басшысы ІІМ-нің резервіне қамтылып, 88 адам қайтадан аттестациялауға жіберілсе, 12 адамның лауазымы төмендетілді. Ал қалғандары қызметіне лайық деп танылды.

З.Тұрысбековтың хабарлауынша, қазіргі жағдаймен ІІМ жүйесінде осы саладағы 70 мың лауазымға қойылатын квалификациялық талаптар айқындалды. Министрлік аясындағы жаңа қызметке тағайындау қазір тек байқау негізінде ғана жүзеге асырылуда. Байқау комиссиясына министрлердің орынбасарлары, департамент директорлары мен ІІМ-нің ардагерлері енеді. Қазіргі жағдаймен жекелеген лауазымдарға 5 адамға дейін таласуда.
Министрдің айтуынша, ІІМ қызметкерлері лауазым баспалдақтарымен осылайша өсу тәртібін бұрынғы тікелей тағайындау үрдісінен жоғары бағалап отыр.