ІІМ жүргізушілерге «Ш» белгісін алып тастауды ескертті


Бұл туралы министрдің баспасөз хатшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Құрметті автокөлік иелері, маусымға байланысты қысқы бүртабан дөңгелектерді жазғы дөңгелектерге ауыстырған кезде «Бұдырлар» белгісін де алып тастауды ұмытпаңыздар. Жазғы дөңгелекке ауыстырылған көлікте мұндай белгінің болуы құқық бұзушылық болып саналады», - деп жазды ол.