ІІМ-іне Қазақстанда тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға әрекет жасалып жатқаны туралы ақпараттар түсуде

"Бізге мәлім болғанындай, радикал күштер халықты жаппай қамтыған тәртіпсіздіктерді бастау үшін арандатушы топтарды құруға және оларды қаруландыруға қамданып жатыр",- деді Б.Мұхамеджанов.

Осыған байланысты республиканың ішкі істер министрі "еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған кез-келген әрекетке ішкі істер органдары қатаң тосқауыл қоятын болады", деп ескертті. "Болуы ықтимал қақтығыстар мен олардың залал-зардабы үшін жауапкершілікті заңсыз шараларды ұйымдастырушылар жүктейтін болады",- деді министр.