ИКОМ Қазақстан Ұлттық Комитетінің жаңа президенті сайланды

Бұл туралы Халықаралық музей күні қарсаңында Астанада өткен «Музей және қоғамның тұрақты дамуы» атты республикалық конференцияда белгілі болды.

Бұл туралы ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін ИКОМ Қазақстан Ұлттық Комитетінің президенті қызметін атқарып келген Үмітхан Мұңалбаева бұл лауазымды орынға Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбайдың лайық екендігін баяндады. 2014 жылдан бастап ҚР Ұлттық кітапханасының директоры болып қызмет атқаратын Ү.Мұңалбаева өзінің бұл орыннан бас тартуының себебін басқа салада қызмет атқарып отыруымен түсіндірді.   

Айта кетейік, Халықаралық музейлер Кеңесінің Қазақстандағы өкілдігі болып саналатын ИКОМ Қазақстан Ұлттық Комитетінің штаб пәтері Парижде орналасқан.
 Қазақстандық музейлерге аталған Комитет арқылы халықаралық деңгейде тәжірибе алмасып, жұмыс жасауына мүмкіндік туады.