Икром Назаров - Өзбекстанның Қазақстандағы жаңа елшісі

Бұл туралы Өзбекстан СІМ хабарлады.

Бұл тағайындауға дейін ол Өзбекстан Республикасының Польшадағы істерінің уақытша сенімді өкілі және кеңесшісі болған.

Икром Назаров  5 қаңтар 2016 жылы Ташкенттен Алматыға аттанып кетті, деп атап өтеді Өзбекстан СІМ.