Caravan Logo

ИКҰ СІМ кеңесінің 38 сессиясына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады

ИКҰ СІМ кеңесінің 38 сессиясына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады

«Ертең Астанада ИКҰ СІМ кеңесінің 38 сессиясы өз жұмысын бастайтындығы белгілі. Іс-шараға халықаралық ұйымдар мен мүше мемлекеттерден қонақ ретінде шақырылған елдерден 1000-нан аса делегат қатысады. Осы орайда елордаға келген ұйымның Бас хатшысы доктор Эхмеледдин Ихсаноғлымен жаңа ғана біз келіссөздер өткіздік», - деді ол. Мнистрдің атап өтуінше, келіссөздер барысында іс-шараға дайындық жан-жақты талқыланды.

Мәртебелі мейманның Қазақстан Үкіметінің 38 сессияға бөліп жатқан көңілі үшін ризашылығын білдіріп, дайындық шараларына өте жоғары баға бергендігін айтқан Е.Қазыханов: «Ертең кеңестің ашылу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, делегаттар алдында сөз сөйлейді», - деді.