Іле-Алатау табиғи саябағындағы қанды қырғыннан мерт болғандар саны артты

Естіген елдің есін алған қанды қол қырғыннан бері міне тура 1 жыл өтті. Қарақшылардың қолынан қаза тапқан қорықшы Панайот Захаропулоның кардоны да содан бері қаз қалпында тұр. Өзгергені тек бұл үйде жыл бойына ешкім мекен етпейді. Панайот Захаропулоның артында қалған ұлы мен қызы бұл жерге тек жазда келеді, яки саяжай ретінде пайдаланады. Сол қырғыннан бері бұл маңдағы тәртіпте өте қатал күйге көшкен. Бұл жерге жету үшін екі бірдей бекетте жіті тексеруден өтуге тура келеді.

Бұл түмен елдің төбе шашын тік тұрғызған таспадағы жазбалар. 2012 жылдың тамызы. Қанды қырғын туралы алғашқы ақпарды қорықшының үйінен таң алкеуімде сүт сатып алуға барған азаматша хабарлаған. Ол қақпадан аттаған бетте Панайот Захаропулоның жұбайы Ирина Карпенко мен Виталий Синяковтың мүрдесін көрген. Көп кешікпей тағы үш адамның өлі денесін тау бөктеріндегі демалыс орталығының күзетшісі Петр Сеневский көзімен көрген. 

- Две рубашки его лежали, а он сам вот там лежал...

Сеневский саусағымен нұқып тұрған жерден қорықшы Панайот Захаропуло мен Андрей Гузевтың және кейуана Антонина Карпызиналардың жансыз денесін тапқан. Қарақшылар қолынан алғаш ажал құшқан осы үштік болғаны тергеу барысында айқын айтылды.

Петр Сеневский, Демалыс орталығының күзетшісі:

-Сол оқиғадан кейін біз мұнда тұра алмадық. Күндіз келеміз, кешке қона алмай кетіп қаламыз. Қалай дегенмен үш бірдей адамның мәйітін алғаш тапқан біз ғой сол көз алдымыздан кетпеді. Бұл қырғын демалыс орталығына да әсер етті, биыл бұл жер жабық, демалуға бір адам да келмеді.

Қанды қол қарақшылардың қолы қорықшы АлексейШкелевтың да кардонына жеткен, олар сол жерде 6 адамды пышақтап өлтіріп, өртеп жіберген. Құқық қорғау қызметі осы күнге дейін қарақшылар жалпы саны 12 адамды ажал құштырды деп келді. Айыпты деп танылған экстремистік топтың бір бөлігі Алматы қапталындағы “Таң” саяжайында қарулы қақтығыста көз жұмды. Ал оның жетекшісі Саян Хайров пен Зәуірбек Ботабаев із суытып үлгерген. Ботабаев сол күйі жоқ, ал Хайров Қырғызстанда қолға түсіп елімізге жеткізілді. Бірақ ешнәрсе мойындағысы жоқ.


-На мои вопросы громко и четко отвечать!

- Не буду отвечать!

- Фамилия и имя?

- Не буду отвечать!

Панайот Захаропулоның артындағы ұрпағы қорықшы туралы деректі фильм түсіруді қолға алған. Оған қоса 35 жылын осы қорыққа берген азаматқа арнап құлпытаста орнатты. Сол қайғылы күні үшті-күйлі жоғалған інілері Игорьдің денесі әлі табылмады. Жуырда оны сот өлілердің қатарына қосқан.

Алексей Захаропуло, марқұм Панайот Захаропулоның ұлы:

- Игорьды өлі деп танығанын бізге құқық қорғау орындары хабарламады. Елдің көзінен тасада біздің отбасынан ешкімді шақырмастан сот өткізіп Игорьді өлілер қатарына қосып қойған. Бұл шешіммен түбегейлі келіспеймін. Інімнің сүйегін тапқанда ғана оны өлдіге санауға болады.

Соттың осы суыт шешімінің күшін жою үшін отбасы кері шағым дайындауда. Әзірге Іле-Алатау ұлттық саябағында қарақшылар қолынан қаза болғандар саны 13-ке жетті, жазаланған жан жоқ бірақ.