Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіндегі өрт 5 күннен бері ауыздықталмайжатыр


Кеше кешке тікұшақтар көмегімен өрт ошақтары өшірілгенімен, бүгін таңертен көтерілген жел жағдайды қайта ушықтырған. Қазір тілсіз жаумен күреске облыстық төтенше жағдай департаментінің 74 маманы мен қос тікұшақ жұмылдырылуда. Сонымен қатар парк аумағына өтетін экологиялық бекеттер жабылып, кіруге уақытша шектеу қойылды. Апат салдарын жою барысында табиғатты қорғау инспекторы көз жұмғанын да айта кетейік.