Ілеспе газды жағуға тыйым салынуға байланысты PetroKazakhstan мұнай өндіру көлемін тәулігіне 50 мың баррельге азайтады

Орташа тәуліктік мұнай өндіру көлемі тәулігіне 100 мың баррельді құрамақ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, PetroKazakhstan компаниясының орташа тәуліктік мұнай өндіру деңгейі 2005-жылдың 1-тоқсанында 149 732 баррельді, ал 2004-жыл қорытындысы бойынша тәулігіне 151 102 баррель мұнай өндірілді.
Компанияның бағалауынша, ілеспе газды жағуға тыйым салуға байланысты "PetroKazakhstan Kumkol Resources" АҚ-ның барлық кеніштерінде мұнай өндіру көлемі тәулігіне шамамен 35 мың баррельге, ал "ТорғайПетролеум" кеніші- Құмкөл-Северныйда тәулігіне 30 мың баррельге азаяды.
Компанияның түсініктемесіне жүгінсек, қазір PetroKazakhstan компаниясы Құмкөл кеніштері мен компанияның Бірлескен кәсіпорны игеретін Құмкөл-Северный кенішінен шығатын ілеспе газды қуаты 55 МВт болатын газ-құбырлы қондырғыда электр қуатын өндіру мақсатында пайдаланады.
Сонымен бірге Арысқұм кенішіндегі кейбір ұңғылардан шығарылатын газ қазір консервациялау және мұнай қабатының қысымын тұрақты ұстап тұру үшін газды тақия деп аталатын мұнайлы-газды шоғырдың газды бөлігіне кері айдалуда. Ұңғыларды біртұтас өндірістік жүйеге біріктірген сайын кері айдалатын газ көлемі біртіндеп арта түсуде. Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, нәтижесінде Қызылқия, Арысқұм және Майбұлақ кеніштерінен шығатын газ толығымен кері айдалатын болады.
Баспасөз қызметі осы орайда "Қазгермұнай" Бірлескен кәсіпорнының 50 проценттік үлесін иемденетін PetroKazakhstan Ақшабұлақ кенішінде сығымдалған газ өндіру зауытын салуға атсалысып жатқанын еске салады. Құрылыс жұмыстары 2005-жылдың ІІІ тоқсанында аяқталуы тиіс.
2005-жылдың І тоқсанында PetroKazakhstan қазіргі таңда Құмкөл кенішінде жағылып жатқан ілеспе газды толық жинап, пайдалы жаратуға бағытталған жүйе құрылысының жобасын жүзеге асыруға , сондай-ақ, Қызылқия, Арысқұм және Майбұлақ кеніштерінен шығатын дымқыл газды өңдеу жобасын жүзеге асыруға кірісті. Бұл бағдарлама 2006-жылдың 1-шілдесіне дейін аяқталуға тиіс.
Компанияның баспасөз қызметі атап көрсеткендей, газды 2006-жылдың орта шеніне дейін толыққанды пайдалы жаратуға бағытталған ағымдағы инвестициялық бағдарламасына байланысты компанияға газды кері айдау бағдарламасын жүзеге асырып аяқтағанға дейін жоғары көлемде өнім өндіруді қайтадан жандандыруға рұқсат беріледі деген сенімде.
Қазір PetroKazakhstan Арысқұм, Қызылқия, Ақшабұлақ, Құмккөл, Құмкөл - Оңтүстік, Оңтүстік Құмкөл, Құмкөл Солтүстік, Майбұлақ, Нұралы, Солтүстік Нұралы және Ақсай кеніштерінде мұнай өндіруде.
Ал ЛУКОЙЛ Оверсиз Құмкөл Б.В." (50%) және PetroKazakhstan Inc. компанияларының 50 проценттік үлеспен бірлесе құрған "ТорғайПетролеум"ЖАҚ Құмкөл кенішінің солтүстік бөлігінде мұнай өндіреді.