"Сайлаушылардың басым көпшілігі Ильхам Әлиевті таңдады. Демек, сайлаудың екінші кезеңі болмайды. Ильхам Әлиев - заңды Әзербайжан президенті деуге болады",- деп хабарлады Әзербайжан орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Азер Сариев.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, И.Әлиев үшін сайлаушылардың 82 проценті дауыс берген. Оның ең басты бақталасы Иса Гамбар 9 процент көлемінде дауыс жинады.
ТМД елдері мен Еуропалық бірқатар елдердің бақылаушылары Әзербайжандағы сайлау әділ, ашық және жариялы өткендігін мойындады. Өрескел заң бұзу оқиғасы тіркелген жоқ.