Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры Дархан Қалетаев мәлім етті.
«Қазіргі кезде «Астана» президенттік спорт клубына «Астана» велокомандасы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана» футбол клубы, «Астана арландары» бокс клубы, «Астана» баскетбол клубы, «Астана - Дакар» клубы, «Астана» су полосы клубы енді. Сондай-ақ бүгінде Илья Ильин мен Денис Тен бөлек жоба ретінде кіреді деген жоспар бар», - дейді Д.Қалетаев.
Қордың басқарушы директоры атап көрсеткендей, ағымдағы жылы шілде айында «Астана» президенттік клубы Мемлекет басшысына таныстырылатын болады.