Илья Ильин: Қыздарымызға обал болды, келесі кезекте – мен

Илья Ильин қазақстандық ауыр атлеттер Светлана Подобедова, Майя Манеза мен Зүлфия Чиншанлоның допинг дауынан кейін спорттан шеттетілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

«Армысыздар! Көңіл-күйім жақсы, қыздарға обал болды! Келесі кезекте «мен», - деп пікір білдірді қазақстандық ауыр атлет.

Еске салайық, бүгін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Светлана Подобедованы 8 жылға, ал Майя Манеза мен Зүлфия Чиншанлоны 2 жыл жарыстарға қатысудан шеттеткені туралы ресми шешім шығарғаны хабарланған болатын.