Имам ер адамдардың гинеколог болып жұмыс істеуіне қарсылық білдірді

Сайфуддинов: “Осының тамырына балта шабу керек. Бұл масқараға тоталитарлық (кеңестік) дәуірде әбден тойдық. О заманда ұлттық құндылықтарымыз бен абыройымыз аяққа тапталған еді. Оны өзгертуге біздің шамамыз жетпеді. Сондықтан “еркектік” гинекология фактісі үйреншікті нәрседей болып көрінді”, – деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол Кеңес үкіметі кезінде, Өзбекстанда ер-гинекологтардың “қолы жеңіл болады” деген пікір қалыптасқанын, соның арқасында осы мамандықты таңдайтын ер-азаматтардың көптеу болғанын тілге тиек етті.

Өзбек билігі мен діни қызметкерлері халықтың инабаттылығына көп мән береді. Соның ішінде, үкімет жергілікті әртістер дайындайтын музыкалық бейнебаяндардың, әндердің, эстрадалық нөмірлердің мағынасын бақылап, тәртіптерін қадағалап отырады.


2016 жылдың сәуірінде “Узбекнаво” эстрадалық білестігінің шенеуніктері әнші Әзиза Ниязметованы “ұятсыз” деп, айыптады. Оған әншінің иығы ашық көйлек киген суретін әлеуметтік желіге жариялауы себеп болған еді.