"Имамдар жаназасын оқымай қойса екен": Белгілі уағызшы Роза коуч туралы (Видео)

Имамның коучты дінсізге теңеген сөзі Tik Tok желісінде тарап жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жарқын Мырзатаев Айдос Ербосынұлына берген сұхбатында имамдарға тиісетіндердің жаназасын шығармауды ұсынған.

"Өзі көп нәрсе далбасалап, айтып жүр. Соның біреуінде имамдар деп айтады. Өзі дінге қарсы адам-ау деймін. Айтар едім, имамдар сондай дінге тиісетіндердің жаназасын оқымай қойса екен. 1-2 жаназасын оқымай қойса, қалғандары тәубесіне келер ме еді? Хайп қуып, мешіт пен имамдарға тиісіп жүргендердің жаназасын оқымай қойса, қалғандары ақыл-есін жинар ма еді? Имамдар неге әйелдер туралы айта береді, әйелдерден ала алмай жүрген өші бар ма дейді. Олар неге қазіргі еркектердің мал болып кеткенін (мал дегенді де созып айтады) неге айтпайды дейді", - дейді Жарқын Мырзатаев.