Бұл туралы Gazeta.Ru-ға жобаның авторлары хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Музыкалық продюсер ретінде мен үшін өз жұмысымның ғылыми, теориялық бөлігін түсіну маңызды. Көптеген музыканттар шабытпен жасайды, бірақ шабыттың артында ғылым - гармоника, акустика да бар. Шабыт та ғылымның бір түрі деп айтуға болады", - деді Иманбек.
Иманбек Зейкенов
Авторлар музыканың энергия тасымалдаушысы екенін дәлелдейтін деректі фильм жасайды. Атом дыбысын жазу идеясы қарапайым тезистен туды: дыбыс толқындары атомдардың реттелген тербелісі болып табылады. Көрермендер диджеймен бірге дұрыс дыбысты табу жолында жүріп, музыканттың жұмысының түпкілікті нәтижесін ой елегінен өткізеді.
"Олар айтқандай, кез келген жеткілікті дамыған технология сиқырдан ажыратылмайды. Біз бұл сиқырды фильмде зерттеуге тырысамыз. Елестетіп көріңіз: дыбыстың негізі атом болатын дыбыстардан трек жасаса қалай болатынын", - деді Грэмми жеңімпазы.
Трек пен фильмнің премьерасы 2022 жылға жоспарланған.