Имандылық шүберекте емес, имандылық жүректе - Айгүл Орынбек


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

"Өз еліңде, өз жеріңде бейбітшілік заманда отырған қандай күшті ия?!
Басымдағы шүберекпен алысқан мисыздарға айтарым. Қара матаны байлап көзінен басқа еш жерін көрсетпей жүрген Сириялықтар не болып жатыр? Күнде төбелерінен ракета түсіп, бомба жарылып жатыр. Қыздарды шүберекке орап, ертеңіне жамағаттағы бауырларыңа сыйлап, қаракөз қарындастарыңды иманды жезөкше етіп тастап кетіп жатқандары қаншама?! Осының бәрі көздеріңе көрінбей ме?
Имандылық шүберекте емес, имандылық жүректе!
Жүйкеңдегі теріс ағымыңды тықпалама, жүректегі иманыңды оят! 
Ислам дініндегі имандылық шүберекпен өлшенбейді!
Оян Қазақ!", деп жазды Айгүл Орынбек фейзбуктағы парақшасында.