Имангали Тасмағамбетов Астана әкімі болып тағайындалды

"Мен сіздерге мәслихаттың шешімімен Имангали Тасмағамбетов Астана әкімі болып тағайындалғанын жариялағалы отырмын", - деді президент.

"Ол осы қаланы жақсы біледі, үкіметте, президент әкімшілігінде, Атырау облысы мен Алматыны басқарған кезде өзінің жұмысының тиімділігін көрсетті", -деді Н. Назарбаев.

"Астананың 10 жылдық мерейтойы қарсаңында ауқымды жұмыс күтіп тұр, сол себепті мен ол осы жұмысты тамаша атқарып шығады деп сенемін. Уақыт аз қалды, 10 жылдық мерейтойды лайықты деңгейде атап өту қажет. Сол себепті мен өзім сенетін адамды тағайындадым", -деді мемлекет басшысы.