Иманғали Тасмағамбетов қазақ тілінің мәртебесі туралы өлең оқып берді

Иманғали Нұрғалиұлы, қазіргі жастардың ағылшын тілін білуін де міндетті деп санайтынын айтты. Оның айтуынша, өркениет көшіне ілесемін десек, бұл тілді білу өте маңызды.

Ол сондай-ақ, қазіргі қазақ тілінің дамуына қатысты да пікір білдірді. Саясаткер, тіл туралы заң қабылданғанын, үкімет отырыстары мен парламент жиындарының қазір ана тілде өтетінін, үкімет бұл тұрғыда орасан істер атқарып жатқанын баса айтты. ол

Содан соң, мінберде тұрып, қазақ тілі туралы бір шумақ өлеңді де оқып береді. Бейнежазба Асхат Қасенғали есімді
Фейсбук қолданушысының парақшасында
жарияланған.