ИНЧХОН-2014: И.Дычко қарсыласын естен тандырды

Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

91 келіден жоғары салмақ санатында жарыс жолына шыққан И.Дычко қарсыласы моңғол боксшысы Энхбаяр Батмкунхты айқын басымдықпен жеңді. Ол алғашқы раундтың өзінде-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді.

И.Дычко 2 қазан күні өтетін жартылай финалдық кездесуінде үндістандық Кумар Сатишпен жұдырықтасатын болады.