Қазіргі уақытта Қазақстанның қоржынында 20 алтын медаль бар, деп хабарлайды sports.kz.
Бұл 2002 жылғы көрсеткішпен тең. Онда еліміздің құрама командасы жалпы саны 76 медаль еншілеп, төртінші орынға жайғасқан болатын. Бұған дейінгі ел тарихындағы ең нәтижелісі - 1994 жыл (25 алтын).
Бір қызығы, Қазақстан үнемі төртінші орынға ие болады. Ешқашанда бұдан не жоғарылап, не төмен түсіп көрген емес.